Димаш Құдайбергенге Мексикада WBC-дің құрмет белбеуі табысталды

2 507

Фото: tizgin.kzҚазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мексикада Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрмет белбеуіне ие болды. Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

19 қарашада Мексикадағы Palacio de los Deportes аренасында өткен шарада әншіге WBC-дің құрмет белбеуі табысталды. Димаш Құдайберген бұл марапатты қазақ өнерінің халықаралық деңгейде мойындалуы мен жаһандық мәдениеттегі жетістігінің белгісі деп бағалады.

Әнші әлеуметтік желідегі жазбасында бұл сәттің өзі үшін ерекше болғанын атап өтті.

«Сахна төрінде Дүниежүзілік бокс кеңесінің құрмет белбеуін алу – мен үшін үлкен мәртебе әрі өмірімдегі ұмытылмас сәттердің бірі», – деп жазды өнер иесі.

Оның айтуынша, спорт пен музыканың тілі бөлек болғанымен, екеуін біріктіретін ортақ құндылықтар бар. Олар – рухтың беріктігі, тәртіп, үздік болуға ұмтылу және әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарды біріктіру қабілеті.

Әнші Мексика халқына алғыс айтты

Димаш Құдайберген WBC ұйымына көрсеткен құрметі үшін ризашылығын білдіріп, мексикалық жанкүйерлеріне де алғыс айтты.

«Мексика халқына сахнаға шыққан сайын көрсететін ыстық ықыласы, құрметі мен ерекше қолдауы үшін алғыс айтамын», – деді әнші.

Өнер иесі бұл белбеуді жай ғана сыйлық емес, достықтың, өзара сыйластық пен бірліктің нышаны деп санайтынын жеткізді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.