Созақта «Созақ қасіреті» мемориалы ашылды

450
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы, Созақ ауданында «Созақ қасіреті мемориалының» лентасы қиылды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қасірет мемориалы 30 жылдары еліміздегі ашаршылық және Созақ көтерілісінде құрбан болған мыңдаған азаматтарға арналады. Мемориал Созақ ауылдық округіне кіретін күре жолдың бойындағы «Жастар саябағында» орналасқан. Демеушілер көмегімен тұрғызылған «Қасірет» мемориалында Созақ қасіреті жайлы толық мағұлұмат беретін көк тақта қойылған. Ескерткіште ҚР президенті Қасым –Жомарт Тоқаевтың үндеуінің толық мәтіні жазылған гарнит тастан тақта, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік», «Мәңгілік ел», және қуғын-сүргін құрбандары жайлы айтқан тұжырымжамаларынан үзінділер жазылған тақта бар.

Игі істі ұйымдастырып, демеушілік жасаған атпал азамат Орынбек Ібіжанов, Бекет Тұрғараев, Сексенбай Тұрысбеков және тағы басқа қадірлі ел азаматтары.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.