Қазақтың ырым-тыйымдарына сенетін болдым

326
Отандық танымал тележүргіуші Айгүл Мүкей қазақтың ырым-тыйымдарына сенетін бастағанын айтты. Жақында ғана үшінші баласын дүниеге әкелген журналист бірнеше рет көзі жеткен соң ырымдарды ұстанатын болған.
Айгүл Мүкей ырым-тыйымдарға қатысты ойын Instagram парақшасында айтқан. Белгілі тележүргізуші бүгінде ел арасында айтылатын тыйымдардың барлығына сенетін болған. 

"Мен халықтың ырым-тыйымдарына сенетін болдым. Әжеміз бен апаларымыздың айтқанын ұстанатын болдым. Менің асқазаным көп қыжылдады, ақырында бұйра шашты балам өмірге келді.

  Қазір ұлым Сұлтан-Әлі күн мен түнді ауыстырып алды. Күтушісі киімдерін теріс кигізу керек деді. Барлық киімін теріс кигіздік. Мен оған сенемін.  Ұл баланы 40 күн толмай қырқынан шығарады дейді. Сонда қалыңдығының қалың малы аз болады дейді. Оған да сенемін. 

Ал сіз қазақтың ырымдарына сенесіз бе? ", - деп жазды тележүргізуші.  

Бұл тақырып аясында желідегілердің пікірі екіге бөлінді. Бірі ырымдарға сенетін болса, енді бірі оларды ұстанбайтын болып шықты.

"Қалжаға сойған қойдың мойынан сақтап қою керек. Сынып қалмасын. Баланың мойыны қатпайды дейді" ,

"Қырқынан шыққан соң бәрі орнына келеді", "Балапанның бауы берік болсын. Ұл баланы қырық күнге толмай қырқынан шығарсың қалың мал аз төлейсің деген бос әңгіме. Бала міндетті түрде қырық күнге толу керек. Себебі қырық күнде адамның еті сүйегіне бекиді. Менің айтарым осы", "Байлам тағып, сорпа ішіп терлеу керекті айтсаңызшы", "Ырымдарға аса жоқ екенмін. Көп сене бермеңіз дер едім" , - деп жазуда желі қолданушылары.