Қазақ журналистикасының қайраткері өмірден озды

2 355

Сурет: ашық дереккөздерденЖурналист Мұхтар Түменов қайтыс болды.

Белгілі журналист, тележүргізуші, бірнеше деректі фильмдердің авторы Мұхтар Түменбай қайтыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналистің әріптесі Серікқали Мұқашев жазды.

«Асылдың сынығы еді, тұлпардың тұяғы еді. Арамызда аңқылдап жүрген адал досымыз, әділетсіздік атаулыға қаны қас жаужүрек бауырымыз — белгілі журналист Мұхтар Түменбайдан қапыда айрылып қалдық. Үйінде отырып, жүрегі кенет сыр беріпті. Бақұл бол, бауырым…», - деп жазды Серікқали Мұқашев.

Айта кетсек, Мұхтар Түменбай әртүрлі газеттерде және республикалық телеарналарда жұмыс істеді. Сондай-ақ, ұлттық арнадағы «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі болған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.