Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

2 638

Фото: ашық дерек көзіБиыл қазақ және балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына - 100 жыл. Қаламгердің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қаламгердің 100 жылдығы тойлана бастады. Бердібек Соқпақбаевтың туған ауылы Нарынқолда еңселі ескерткіші бой көтереді. Сондай-ақ жазушының есімі бірқатар саябаққа, білім ошағы мен облыстық кітапханаға белілмек», — деп жазды Мәдениет және ақпарат министрлігінен.


Шоқтығы биік қаламгер балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман ұсынды. «Менің атым — Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» туындыларында өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеді.


Айта кетейік, еліміздің руханиятына өшпес мұра қалдырған жазушының 100 жылдығына арналған алғашқы шара Алматы облысында бастау алды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.