«Қазақфильм» 30 жылда 600-ден аса туынды түсірген

485
12 қыркүйек – Қазақ киносы күні, деп хабарлайды Opennews.kz. 

1934 жылы Алматы көркемфильмдер киностудиясы құрылып, отандық кино саласына жол ашты. Көбі – деректі, көркем және анимациялық фильм.

Қазақ киносы 1938 жылы түсірілген «Амангелді» фильмінен бастау алады. Ресейлік «Ленфильм» киностудиясы таспалаған туындының сценарийі өзімізде жазылса, рөлдерді отандық актерлер сомдап шықты.Яғни соғыс жылдары «Мосфильм» мен «Ленфильм» Алматыда жұмыс істеді. Ал кино мамандары ұлттық кино Шәкен Аймановтан басталады дейді.

Тәуелсіздік жылдары «Қазақфильм» киностудиясы 600-дей туынды таспалаған. Олардың арасында көркем, документалды және анимациялық картиналар бар. Жақында тағы  да жаңа 5 туындымен толығады. Соның бірі – Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» тарихи фильмі. Дегенмен қазіргі таңда  сұраныс комедия жанры екен. Өйткені кинотеатрға баратындардың басым бөлігі 13 пен 25 жас аралығындағылар. Ал салмақты дүниелердің уақыты алда дейді мамандар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.