Қазақстандық актер Дүниежүзілік Азия кинофестивалінде үздік актер атанды

446
Танымал қазақстандық актер Төлепберген Байсақалов  Asian World film festival (Лос-Анджелес) кинофестивалінде «От» фильміндегі жұмысы үшін «Үздік ер адам рөлі» жүлдесіне ие болды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы картинаның продюсері Диана Әшімова Instagram-дағы парақшасында жазды. Дүниежүзілік Азия кинофестивалі (AWFF) жетінші рет жыл сайын өткізіліп келеді. Онда азиялық режиссерлердің жұмысын көрсетіледі. Бұл фестиваль голливудтық және азиялық ойын-сауық индустриясы арасындағы байланысты нығайтады.

Биыл байқауға 20-дан астам елде түсірілген 30 фильм қатысты.

«От» фильмі қарапайым адамның оқиғасын баяндайды. Толик (Төлепберген Байсақалов) - үлкен мегаполисте өмір сүруге және отбасын асырауға тырысатын үлкен отбасының басшысы. Ол курьер болып жұмыс істейді, азғантай жалақыға отбасын асырай алмағандықтан, ол да көптеген адамдар сияқты несие алып, қарызға батып өмір сүруге мәжбүр болады. Ол қызына үлкен үміт артады. Күндердің күнінде жұмыстан үйге оралғанда, қызы Сәуленің жүкті екені туралы күтпеген жерден хабардар болады. Бұл жаңалық қызының болашағына арналған жоспарлардың күл-талқанын шығарады. Жағдайды шешуге тырысқан Толик бірқатар қиындық пен оқиғаға тап болады.

«От» фильмінің әлемдік премьерасы Пусандағы (Оңтүстік Корея) халықаралық кинофестивальде өтті. Өткен аптада актер Төлепберген Байсақалов Сочи кинофестивалінде «Үздік ер адам рөлі үшін» марапатқа ие болды.