80 жастағы ақмолалық «Асыл әже» атағына ие болды

527
Ақмола облысында Наурыз мерекесі қарсаңында «Ақ жаулықты ақ әже» байқау-фестивалі өтіп, үздік әжелер анықталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасының тұжырымдамасы шеңберінде ұйымдастырған болатын. Өңірдің қалалық, аудандық мәдениет үйлерінің жолдамасымен жасы 60-тан асқан немере, шөбере тәрбиелеп отырған әжелер қатысып, бақ сынасты.

Байқау төрт кезеңнен тұрды, оны ішінде «Қызым саған айтам...» және таныстыру кезеңінде әжелер сирек қолданылатын көне сөздердің мағынасын түсіндіріп, ұлттық тағам түрлерін де әзірледі. «Өнерпаз әже» кезеңінде «Бесік жыры» және өзге де ұмыт болып бара жатқан ескі әндерді орындап, ұлттық би биледі. «Бармақтары майысқан» кезеңде өздерінің қолдарынан шыққан бұйымдардан көрме ұйымдастырды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.