«Жастар» театрына – 15 жыл
482
Биыл қалың көрерменнің жүрегіне жол тапқан «Жастар» театрына – 15 жыл. Театр ұжымы қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген мерейтойын ерекше атап өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ең әуелі өнер сүйер қауым С.Раевтың «Жұмаққа қарай ұзақ жол» әфсанасы негізінде сахналанған қойылымды тамашалады.
Бас кейіпкерлер – Қасым мен Айша ана, Едіге қарт пен Иіс кемпір, зұлым жендет Қозыбақ бейнелері арқылы берілетін оқиға желісі өткен ғасырдың қасіретті кезең шындығын боямасыз баяндайды. Сыртқы қайшылықтан гөрі кейіпкерлердің ішкі текетіресі мол әрекеті өткен күндердің қасіретті елесіне сапар шектіреді. Бір сөзбен айтқанда, «Қылкөпір» – уақыт пен кеңістіктегі халық тарихының трагедиясы. Оның құрылымы пенде біткенге тән адамгершілік пен имандылық қасиеттерді ұлықтау және оған қарама-қайшы күншілдік, қызғаныш пен қатыгездікті айыптаудан тұрады.
Спектакльден соң жиналған көрермен мен театр майталмандары, қоғам қайраткерлері пікірталас алаңында бас қосып, рухани кештен алған әсерімен бөлісті.