Өзбекстанда қазақ этнографының кітабының тұсаукесері өтті
574
Өзбекстанда Мекембай Омарұлының «Ташкент қазақтары тарихы және мәдени өмірі» атты кітабының тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мекембай Омарұлы ағартушы, ақын, этнограф. Өзбекстандағы Қыбырай ауданының Түзел ауылында туылды. Қазақ әдебиеті газетінің лауреаты, Өзбекстан және Қазақстан Жазушылар Одақтарының мүшесі және Тұран Ғылымдар Академиясының академигі. Өмірінің соңына дейін Өзбекстан Жазушылар Одағы жанындағы Қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.
Аталмыш кітаптың тұсаукесеріне «Отандастар қоры» ҚеАҚ ның президенті Абзал Сапарбекұлы, Ұлтаралық байланыс және шет елдермен достық комитеті төрағасының кеңесшісі Зафарбек Ахметов, Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы төрағасы Серікбай Үсенов және тағы басқа елге белгілі тұлғалар қатысты.
А. Сапарбекұлы кітаптың тұсаукесерімен құттықтап, бұл кітаптың шеттегі қазақтар үшін маңызы жоғары екеніне тоқталды. Себебі шеттегі ағайындар жақын туыстан қыз алыспай, әр қазақ өз шежіре, тарихын білуіне, өз сүйігін тануына мүмкіндік беретін кітап екенін айтты.