Семейде «Еңлік-Кебек» ескерткіші бой көтермек

984

Фото: Семей әкімдігі

Біртуар қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай Семей облысында «Еңлік-Кебек» ескерткіші ашылады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Ағымдағы жыл – қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығымен толықтырылмақ.  Қазақ әдебиеті хас шеберінің құрметіне  бірқатар шараларды өткізу жоспарлануда. Соның бірі – Абай ауданында  жазушы шығармашылығындағы махаббат символына айналған  «Еңлік пен Кебек» ескерткішінің ашылуы болмақ. 

«Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы аясында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасына сәйкес, Абай ауданының аумағында орналасқан «Еңлік-Кебек» кесенесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар тамыз айының аяғында басталды. Сонымен қатар қос ғашыққа арналған ескерткіш орнатылады. Жұмыстар осы жылдың қыркүйек айының соңында аяқталады», – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.