"Неслиханмен көрші болдық" ...

371

Фото: видеодан скриншотОтандық танымал кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев Түркиядағы өмірінің қызықтарымен бөлісті. Өнер иесі жұмыс бабымен Стамбул қаласында жүргенде әйгілі түркиялық жұлдызды жұп Неслихан Атагүл мен Қадыр Жоғұлына көрші болып тұрған. Қызығы, Қоянбаевқа үйді актерлардың өздері тауып берген.

Нұрлан Қоянбаев Түркия еліндегі өмірі туралы бар шындықты "Admin Anon" бағдарламасына берген сұхбаты кезінде айтып берді. Продюсердің сөзінше, Неслихан мен Қадыр өз қастарынан оларға баспана тауып беріп, тіпті
оның ақысын да өздері төлеп тастаған.
 
Бастапқыда зәулім үйде тұруға келіспеген отандық жұлдыз кейіннен түркиялық жұптың айтқанына көнген. Қоянбаев біраз уақыт өткен соң, олардың төлеген ақшасын қайтарып бергенін алға тартты. Ол бұл әртістердің жасаған жақсылығын ұмытпайтынын жеткізді. 

"Түркиядан ешқандай үй сатып алған жоқпын. Біз сегіз айдай қонақ үйде тұрдық. Бұл бізге өте қымбат еді. Содан кейін үй жалдаймыз деген шешімге келдік. Мен Қадырға қалжыңдап ренжіп айтқанмын. "Қадыр 45 күн қонақ үйде тұрдым. Бала-шағам барлық күзетшілерді таниды. Інімсің ғой, қазақтар келіп жатыр бір үй тауып берсеңші" деп әзілдегем. Ол шын қабылдап, өз үйінің қасынан бір үй тапқан.

Ол аса үлкен болды, оның үстіне бассейні де бар екен. Бірақ, мен онда тұруға келіспедім. Себебі, карантин жүріп жатыр, кинотеатрлар қашан ашылатыны белгісіз. Ақша үнемдеу керек болды. Қадыр қайта-қайта қоймады. Ол иесімен сөйлесіп, бағасын түсіртіп беретінін айтты. Оған қоса, жетпеген сомманы өзі қосам деді.

Тұрмайтынымды түсіндіріп, қонақ үйге қайттық. Ертесіне Қадыр келіп, үйге тағы да апарды. Сөйтсек, ол келісімшартқа өзі қол қойып, ақшасын а төлеп тастаған екен. "Болды осы жерде тұрасың" деді. Неге төледің деп едім. "Төлемесем тұрмайды екенсің" деп айтты. Олар үлкен жақсылық жасады. Ұмытпаймын. Бір-екі айдан кейін мен бәрін қайтарып бердім", - деді Қоянбаев.