Елімізде 23 микроқаржы ұйымы мен 35 коллекторлық агенттік жабылды

875
Микроқаржы ұйымы мен коллекторлық агенттіктеріне талап күшейтілді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл туралы Президентке есеп берген қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

Ол микрокредиттердің сыйақы мөлшерлемесі төмендетіліп, борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу тәсілі қатаңдатылғанын жеткізді. Сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарының (МҚО) проблемалық кредиттермен жұмыс істеу жөніндегі жеке жоспарлары қабылданды деп айтты.

Жалпы микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың қызметіне қойылатын талап күшейді. Биыл 23 микроқаржы ұйымы мен 35 коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды, - деді Мәдина Әбілқасымова.

Оның айтуынша, банктердің активтері жыл басынан бері 14,4 пайызға өсіп, 43,1 триллион теңгеге жеткен.

Халықтың салымдары 16,8 пайызға немесе 15,7 триллион теңгеге дейін көбейген. Сонымен қатар экономиканы кредиттеу ісін ынталандыру мақсатында агенттік капитал босатуға және өтімділікке қатысты реттеу шараларын қабылдап, кепілзат саясатына қойылатын талаптарды жеңілдетті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.