Алматыда пластик пен целлюлозаны қайта өңдейтін шағын зауыт іске қосылады

2 656

Фото: pixabay.comАлматыда пластик пен целлюлозаны қайта өңдейтін мобильді құрылғы іске қосылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге арналған шағын зауыт түрінде болады. Бұл бастаманы белгілі қазақстандық экобелсенді Евгений Мухаметжанов ұсынды. Оның пікірінше, жоба ең алдымен халық арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Алматыдағы экохаб өткен жылы маусым айында ашылды. Содан бері мұнда шеберлік сыныптары өткізіледі. Ұйым «Eco Network аясында жұмыс істейді. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің креативті идеялары мен технологиялары көпшілікті қызықтырады.  Жоба  авторы Евгений Мухаметжанов қажетті жабдықты жүк көлігінің шассиіне орналастыруды ұсынып отыр. Бұл жүк көлігі қала ішінде жүреді.  Экохаб қызметкерлері тұрғындарға қоқысты дұрыс өңдеу жолдарын көрсететеді.

 Евгений Мұхамеджанов, "EСО Nеtwork" жобасының негізін қалаушы: «Сіз бір жерге келіп, аппарельді ашасыз, ішіндегі жабдықты шығарасыз. Бұл тұрғын үй кешені, мектеп немесе университет болуы мүмкін. Осындай экологиялық шағын іс-шара ұйымдастыруға болады. Ішінде барлық қажетті жабдықтар бар.Біз бұл жобаны өз күшімізбен жүзеге асыруға тырысып жатырмыз. Бірақ қаржы жетіспей жатса, демеушілер табылып қалар деп үміттенеміз». 

Экохабтың экспозициясына  тұрмыста қолданылатын бұйымдар, кәдесыйлар мен әшекейлер қойылған. Олардың барлығы дерлік қайта өңделген материалдардан жасалған. Мысалы, пластикалық бөтелкелердің қақпақтары велосипедтің күшімен жұмыс істейтін арнайы шредерде ұсақталып, кейін балқытылады. Содан соң қыздырылған сұйық пластикке инжекциялық аппарат арқылы қажетті пішін беріледі. Экохабтың өндіріс меңгерушісі Мұрат Аманжоловтың айтуынша, бұл процесс небәрі бірнеше минутты алады. 

Мұрат Аманжолов, өндіріс меңгерушісі:  «Біз келіп, жабдықты қосып, шикізатты дайындаймыз. Егер іс-шараға қатысушылар өз қолдарымен пластикті қайта өңдегісі келсе,  оларға шикізаттың жаңа өнімге қалай айналатынын көрсетеміз. 

Мұндай мобильді шағын зауыттар  Еуропа елдеріндегі экологиялық ұйымдардың бастамасымен жұмыс істеп жатыр. Бірнеше жыл бұрын Қарағандыда жеке компания осындай жобаны коммерциялық мақсатта іске қосуға тырысқан, Алайда қаржылық қиындықтарға байланысты ол жабылып қалған.

 Евгений Мұхамеджанов, "EСО Nеtwork" жобасының негізін қалаушы: «Экология туралы жай ғана айту мүмкін емес. Оны іспен дәлелдеу керек. Экологияға белсенді қатысу қажет. Бұл ең алдымен мәдениетті қалыптастыру мәселесі. Өйткені, мәдениетті адам ағашты сындырмайды, терезені қиратып, қоқыс шашпайды. Яғни, бұл біздің болашағымызға деген қамқорлық». 

Евгений Мухаметжанов экологиялық ағарту бағытында жаңа тәсілді ұсынып отыр. Экоактивист бұл бастама тек Алматыда ғана емес, елдің барлық ірі қалаларында қолдау табады деп үміттенеді.