Заңсыз ұялы телефон тасымалынан мемлекетке 100 млрд теңге түспеген

1 675

Елімізге 3,7 миллион ұялы телефон заңсыз жеткізіліп, 100 млрд теңгеге жуық салық мемлекетке төленбеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елге ұялы телефондарды, соның ішінде қайталанатын IMEI кодтарын әкелудің "сұр" схемасы туралы айтты.


"Сәйкестендіру кодтарының дерекқорына сәйкес қазіргі уақытта еліміздің ұялы компанияларының желісінде қайталанатын IMEI коды бар 3,7 миллион абоненттік құрылғы жұмыс істейді. Бұл ретте салықтар мен алымдар түріндегі мемлекеттің бюджетіне түспей қалған сома шамамен 100 млрд теңгені құрайды", – деді ол.


Айтуынша, қайталанатын IMEI коды құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздеу және оларды бұғаттау бойынша жедел жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік бермейді.


"Осы мәселелерді қолға алу үшін министрлік "IMEI кодтарының дерекқорын" кеден қызметтерінің жүйелерімен интеграциялауды және абоненттерді тіркеу кезінде биометрияны қолдануды жоспарлап отыр", – деді Мусин.


Айта кетері, қазірдің өзінде ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ұрланған телефондардың IMEI кодын тексеруге болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.