Қазақстан Kotak-тан бұрын Am банкпен байланыс орнатқан
429
AmBank Group-пен алғашқы мәмілелер кем дегенде осыдан 10 жыл бұрын жасалған екен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.Мәліметтер араб-малайзиялық (осыдан Am атауы шыққан) қаржы ұйымының веб-сайтында жалпыға қолжетімді.
Айта кетейік, Қазақстан туралы ақпараттар аталған веб-сайттың "Шетелдік эмитенттер" бөлімінен табылды. Ол жерде әртүрлі елдердің қаржы институттары мен ұйымдарының арасында акцияларының 100 пайызы "Бәйтерек" Ұлттық холдингіне тиесілі "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ аталды. Сондай-ақ банк Sukuk Murabahah бағдарламасы бойынша құны 1,5 миллиард малайзиялық ринггитті (шамамен 163 миллиард теңге) шығарғаны туралы хабарланған.
Сонымен қатар, марапаттау бөлімінде AmBank Group-тың 2013 жылы исламдық қаржыландыру саласындағы ҚДБ-мен ең жақсы мәміле үшін The Asset Triple A Awards сыйлығын алғаны туралы ақпарат бар.
Алайда біз дәл осы мәмілелер туралы ашық дерек көзінен егжей-тегжейлі ақпарат таппадық. Бұл тақырыпқа байланысты редакция Қазақстанның уәкілетті органдарына сауал дайындап жатыр.
Айта кету керек, өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында құрылған AmBank Group — Малайзиядағы ең ірі банктік топтардың бірі. Сондай-ақ оның мүдделері банктік операциялардан бөлек, өмірді сақтандыру мен жалпы сақтандыруды қамтиды.
2015 жылы бұл банк үлкен жанжалға тап болды. Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разак жергілікті мемлекеттік стратегиялық даму компаниясынан өзіне қатысты шоттарға ірі соманы аударғаны туралы желіге құжаттар тараған еді.
Дәл осы оқиғадан екі жыл бұрын AmBank Group-тың негізін қалаушы Хусейн Наджадиге қастандық жасалып, ол қаза тапқан еді. Оның өліміне қатысты түрлі нұсқа бар. Мәселен, ол Малайзия премьер-министрінің қылмыстық әрекетінен хабардар болуы мүмкін деген бейресми ақпарат тарады. Алайда, кісі өлтіруге тапсырыс бергендер табылған жоқ. Ал әлгі Разак 2020 жылы жемқорлық үшін 12 жылға сотталды.
Тағы да оқыңыздар

Мұнай бағасы қымбаттады
2 331






