Жастарға 2,5 пайызбен несие алу үшін кепілге мүлік қою міндеттелді
830
2023 жылдың наурызынан бастап кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5%-бен 5 миллион теңге несие беріледі, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Информбюроға сілтеме жасап.
Асқар Ниязовтың сөзінше, жеңілдетілген несиеге 21 мен 35 жас аралағындағы азаматтар үміткер бола алады.
Министрлік өкілінің айтуынша, жастардың кепілге қоятын мүлкі болмаса, өзге адамның мүлкін немесе көлігін иесінің келісімі арқылы кепілге қоя алады.
Несие барлық сала өкілдеріне және кез келген кәсіпкерлік бастамаға беріледі екен.
Асқар Ниязовтың сөзінше, жеңілдетілген несиеге 21 мен 35 жас аралағындағы азаматтар үміткер бола алады.
Несие алу үшін жастарға қойылатын талап – жеке кәсіпкер ретінде тіркелу. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметі 5 жылға дейін болуы қажет. Шағын несие болғандықтан үміткердің кепілі болуы керек, – деп түсіндірді ол.
Министрлік өкілінің айтуынша, жастардың кепілге қоятын мүлкі болмаса, өзге адамның мүлкін немесе көлігін иесінің келісімі арқылы кепілге қоя алады.
21 жастан азаматтарда кепілге қоятын мүлкі болмауы мүмкін екенін түсінеміз. Дегенмен бұл жастарға жеңілдетілген несие алуда кедергі болады деп ойламаймын. Мысалы, әкесінің көлігін кепілге қоя алады. Бұл үшін міндетті түрде мүлік иесінің келісімі болуы шарт, – дейді Асқар Ниязов.
Несие барлық сала өкілдеріне және кез келген кәсіпкерлік бастамаға беріледі екен.
2023 жылға 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр. Ең жоғарғы мөлшері 5 миллион теңге және мерзімі 5 жылға дейін. Егер өтініш беруші несие алып, ауыл шаруашылығымен, мал өсірумен шұғылданғысы келсе, несие 7 жылға дейін берілуі мүмкін, – деп аяқтады. Асқар Ниязов.