Қызылорда да балық шаруашылығы экономиканың маңызды саласы
Қызылорда да балық шаруашылығы экономиканың маңызды саласы,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қызылорда өңірінде балық шаруашылығы саласы экономиканың дамуына, ауылдық жерлерде халықты жұмыспен қамтамыз етуде және аймақтың экспорттық потенциялын арттыруда маңызды орын алып отыр.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында еліміздің балық саласын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігі туралы атап өтті.
Бұл ретте балық шаруашылығы саласы жаңа деңгейге қайта оралып, саланың дамуына жаңа қарқын беру үшін ҚР Үкіметінің шешімімен 2021 жылдың басында уәкілетті орган – Балық шаруашылығы комитеті қайта құрылды.
Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға, балық өсіру, тұтыну және экспорт көлемін жоспарға сай арттыру мақсатында, жыл басында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті ал, ақпан айында Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы құрылды.
«ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитеті құзыреті шегінде Шымкент қаласы, Қызылорда және Түркістан облыстары әкімшілік шекарасы шегіндегі Арал-Сырдария бассейнінің аумағында және су айдындарында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.
Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және балық шаруашылығына маңызы бар 207 көлдер бар. Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 180 көл конкурстық негізде 5-49 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 32-і (Қызылорда-3, Арал-3, Қазалы-3, Қармақшы-2, Жалағаш-5, Сырдария-2, Шиелі-12, Жаңақорған-2) резервтік қорда.
Сондай-ақ, Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес,«Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік Бағдарламасы» әзірленіп, облыс әкімдігімен 2020 жылғы 30 қазанда №127 қаулысымен бекітілді. Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға дейін 16 шабақтық шаруашылық, 12 тоған шаруашылық, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55-ке жеткізу жоспарланған.
Республикалық бағдарламаға сәйкес 2022 жылға облыс бойынша 409 тонна балық өсіру көзделсе, бүгінгі күні тауарлы балық өсіру көлемі 418 тоннаға жетті. (2023 жылдың 15 қаңтарына дейінг өсірілген тауарлы балық көлемі 447 тонна).
Сонымен бірге 1 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы, 6 тоған шарушылығы толығымен іске қосылып, көл-тауарлы балық шаруашылықтарының саны 71-ге жетті.
6 шабақтық шаруашылықты құру мақсатында Қамбаш су айдынының учаскелеріне биологиялық негіздеме әзірленіп паспорт жасалды.
2022 жылы облыстық бюджеттен балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың 30%-ын субсидиялауға 8,4 млн теңге бөлініп, бүгінгі күні аталған қаржы игерілді («Ислам»ШҚ. Жаңақорған ауданы).
Бағдарлама аясында 2021 жылы балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарына шабақтық және көл-тауарлы балық шаруашылығын ұйымдастыру үшін барлығы 51 ғылыми-биологиялық негіздеме (39 КТБШ –және 12 ШБШ) әзірленді.
Бағдарламамен жалпы 49 су айдынына гидротехникалық құрылыс салу көзделген. 2021 жылы 19 су айдындарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге облыстық бюджеттен 16232,7 мың теңге қаржы бөлінді.
2022 жылы мемлекеттік сараптаманың қорытыныдысын алу жұмыстарына 5,5 млн теңге қаржы сұратылып, облыстық экономика және қаржы басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.
Алайда, 2022 жылы облыстық бюджеттік комиссия отырысында аталған жоба қолдау таппады. 2023 жылға көрсетілген жұмыстарға облыстық бюджеттен 5456,8 мың теңге қаржы сұратылуда.
Балық аулау
Былтыр 7386 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 151,7 млн теңге қаржы түсті. Ал биыл І тоқсанда 3143,7 тонна балық ауланды.
Балық экспорты:
2022 жылы 4979,9 тонна балық 12 шет елдеріне экспортталды (Ресей – 2459,2 тн, Германия – 1270,5 тн, Грузия – 350 тн, Литва – 294,2 тн, Польша – 276,7 тн, Нидерланды – 82,6 тн, Әзірбайжан – 60 тн, Венгрия – 50,7 тн, Австрия – 43,1 тн, Чехия – 16,4 тн, Франция – 16,2 тн, ҚХР – 60 тн).
Ал, 2023 жылдың І тоқсанында 920 тонна балық 6 елге экспортталды.
Бүгінгі күні, облыс бойынша 10 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда. Оның 4-уінде «Еврокод» Еуропалық сапа стандартына растайтын белгісі бар.
Бүгінгі таңда, өңірде тұрақты жұмыс істейтін балық өңдеу зауыттары бар. Оның ішінде Еуропалық Одақтың жоғары талаптарына сәйкес келетін және Одақтың елдеріне балық өнімдерін экспорттаумен айналысатын ұйымдарда баршылық.
Бұлардың әрқайсысы жүздеген жұмыс орындарын ашып, өнімдерін алыс-жақын шетелдерге шығарып, облыс экономикасына қомақты үлестерін қосып отыр.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан балық шаруашылығын бұдан әрі дамыту бойынша бірқатар ауқымды жоспар бар. Оларды жүзеге асыру үшін тиісті шаралар қолға алынды.
Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері: тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны.
Тауарлы балық өсіруді (аквакультура) дамыту бойынша 2017 жылдан 2021 жыл аралығында көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 713 тонна балық өсірілді. 2021 жылы 39 көл-тауарлы балық шаруашылықтармен 184 тонна тауарлы балық өсіріліп, нарыққа шығарылды.
Арал қаяз балығы санын қалпына келтіру жобасы аясында Арал қаязының аналық-аталықтарын тоған жағдайында қалыптастырып, олардан табиғи жағдайда уылдырық алу дәрежесіне дейін жеткізу мақсатында «Кіші Арал теңізіндегі Арал қаязы балығының санын қалпына келтіру үшін, оның генофондын сақтау» жұмыстарын жүргізу жобасы бойынша облыс аумағындағы күріштік алқаптарынан, каналдар мен қашыртқылардан және бөлектенген су айдындарынан 10 мың дана қаяз балығының шабақтары жиналып, оларды екіжаздық деңгейге дейін жеткізіп, Сырдария өзенімен балық шаруашылығына маңызы бар көлдерге жіберілді.
Балық қорғау шаралары
«2022 жылға облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Іс-шара жоспарына сәйкес, былтыр тамыз-қыркүйек-қазан айлары балық шабақтарын құтқару айлары болып жарияланып, қала және аудан әкімдіктерімен жұмысшы топтар құрылды.
Осыған орай, облыс аумағында орналасқан күріш алқаптарында, каналдарда, бөлектеніп қалған су айдындарында шабақ құтқару жұмыстары жүргізіліп, 250 адам қатысып, 40 дана техникақолданылып, 8,2 млн дана балық шабақтары құтқарылып балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына жіберілді.
Анықтама ретінде: 2021 жылы шабақ құтқару жұмыстарына 125 адам қатысып, 15 дана техника қолданылып, 7,6 млн дана балық шабақтары құтқарылып, балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына жіберілді.
Жануарлар дүниесі
Қызылорда облысында жалпы көлемі 9,8 млн га болатын 41 аңшылық алқаптар бар, оның ішінде 17 аңшылық алқап табиғат пайдаланушыларға бекітіліп беріліп, 24 аңшылық алқап резервте тұр.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылдың 2 қыркүйектегі №594 бұйрығымен «Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы №542 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы ҚР Заңына сәйкестендірілді.
Анықтама ретінде: Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығы облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешімі, ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар негізінде белгіленеді делінген.
Ал, Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы №542 бұйрығымен бекітілген аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттың үлгілік нысандарында аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарт жергілікті атқарушы орган мен пайдаланушы арасында жасалады деп көрсетілген.
Осыған сәйкес, резервтегі 6 аңшылық алқаптың құжаттары дайындалып (даму жоспары, бастапқы бағасы) конкурсқа шығару мақсатында тиісті шаралар жүргізілуде.
2021 жылы «Қызылорда облысы аңшылық алқаптарының ақпараттық - анықтамалық картасы сайтын әзірлеу» жобасы аяқталып, қазіргі уақытта жұмыс жасап тұр.
2022 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен 1,5 млн теңгеге биотехникалық іс-шаралар жүзеге асырылды.
Облыс аймағында сүтқоректілердің 40-тан астам түрі және құстардың 300 түрі, оның ішінде, Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен құстардың 31 түрі мекендейді.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Қызылорда облысына жалпы көлемі 128 632 дана жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті бекітілді. Оның ішінде жануарлардың 4 түріне – 42170 дана, құстардың 6 түріне – 86 462 дана. Аталған лимит толығымен игеріліп, республикалық бюджеттке 7,1 млн теңге қаржы түсірілді (қабан – 1438, түлкі – 733, қоян – 39276, борсық – 723, қаз – 6000, үйрек – 25000, шіл – 28209, қасқалдақ – 743, кептер – 6846, қырғауыл –19664).
2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта Экология және табиғи ресурстар министрлігімен, Қызылорда облысына жалпы көлемі 113 428 дана жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті бекітілді. Оның ішінде жануарлардың 4 түріне – 37 763 дана, құстардың 6 түріне – 75 665 дана. (қабан – 2 955, түлкі – 862, қоян – 33 307, борсық – 639, қаз – 6 000, үйрек – 25 000, шіл – 663, қасқалдақ – 21 527, кептер – 3 210, қырғауыл – 19 265).