Елімізде жылына 1 млн тонна полиэтилен шығаратын өндіріс ошағы құрылады

444
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов жылына 1 млн тонна полиэтилен шығаратын өндіріс ошағы құрылатынын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Мұнай және газ өндіруші елдердің экономикасын әртараптандыру мұнай-химия өнеркәсібін құруға тікелей байланысты. Сол арқылы қосылған құн тізбегін ұзарту әлемдік үрдіске айналып отыр. Мұнай-газ-химия бөлігінде бүгінде майлау материалдары, полипропилен, метил-трет-бутил эфирі, бензол және параксилол өндірілуде. 2021 жылы Шымкент қаласында қуаты 57 мың тонна октан күшейткіш қоспаларын өндіру зауыты іске қосылды.
Сондай-ақ, Атырау облысындағы арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымдық нысандары толығымен іске қосылды,- деді ведомство басшысы.


Министрдің айтуынша, бұл бағытта тағы бірнеше жоба қолға алынбақ.

«Сонымен қатар, жылына шамамен 1 млн тонна полиэтилен шығаратын, жылына 1,25 млн тонна полиэтилен терефталат пен терефталат қышқылын өндіретін және жылына 186 мың тонна бутадиен өндіретін кәсіпорындар құру жобалары жоспарда бар»,- деді Болат Ақшолақов.