Респонденттердің 79,4%-ы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды

2 283

https://t.me/socioexpert_01/888Маусым айындағы зерттеу ел дамуына қатысты бағалардың тұрақты екенін көрсетіп отыр. Бұл – таңдалған бағытқа қатысты қоғамда консенсус сақталып отырғанын және әлеуметтік көңіл-күйдің орнықты болып отырғанын көрсетеді. Респонденттердің басым бөлігі (79,4%) ел дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Пікірлердің оң серпіні әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты да байқалады. Маусым айында респонденттердің 73,6%-ы бұл жағдайға оң баға берген. Бұл үрдіс халықтың қазіргі ахуалды қабылдауында тұрақтану үдерісі жүріп жатқанын көрсетеді.

Саяси жағдай да негізінен оң бағаланады: респонденттердің 76,2%-ы қазіргі жағдайға қанағаттанатындарын білдірген.

Қоғам тарапынан берілген жоғары оң бағалар көбіне саяси, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық факторлардың жиынтығына байланысты. Олардың қатарында ЖІӨ-нің 6%-ға өсуі, жаңа инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың салынуы мен іске қосылуы, ТКШ және көлік инфрақұрылымын жөндеу мен жаңғырту жұмыстары бар.

Аталған социологиялық зерттеуді Қоғамдық саясат институты 2025 жылы 18 маусым мен 4 шілде аралығында жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 2000 қазақстандық қатысты. Сауалнама ұлттық репрезентативті іріктеме бойынша жүргізілді. Іріктеменің қателік мөлшері ±2,2%-дан аспайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.