Елімізде қант өндірісін дамытуға Қытай кәсіпкерлері шақырылды

1 886

Соңғы бес жылда Қазақстаннан Қытайға экспортталған майлы дақылдар көлемі 3.5 есе, өсімді майы 2 есе артқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сианьда өтіп жатқан инвестициялық дөңгелек үстелде президент Қазақстан әлемде бидай өндіретін ең ірі 10 елдің бірі екенін атап өтті. Қазақстан жылына 5.5 млн тоннаға жуық астық пен 1,5 тоннаға жуық ұн экспорттайды. Алдағы уақытта Қытайға 1 млн тонна бидай жеткізуді көздеп отыр.


"Кәсіпкерлеріміз Қытайға сиыр, қой, шошқа, тауық етін жөнелте алады", - деді ол.


Президент алдағы уақытта Қазақстан қантпен өзін толық қамтамасыз етуді жоспарлайтынын атап өтті.


"Сол үшін кешенді жоспар өз қабылданды. Сіздерді Қазақстанда қант өндірісін дамытуға белсенді атсалысуға шақырамын", - деді мемлекет басшысы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.