Қазақстан аумағына кедендік салықтардан босатылып 3442 электромобиль әкелінді

1 293

2023 жылдың соңына дейін 11558 электромобиль әкелуге мүмкіндік бар, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 39 шешімімен 2022 және 2023 жылдары электромобильдерге бажсыз әкелу мүмкіндігі берілген болатын. ЕЭК шешіміне сәйкес 2023 жылы электромобильдерді жеңілдікпен әкелуге берілген рұқсат 15 мың электромобиль бірлігін құрайды.


Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында бажсыз әкелу мүмкіндігін 2025 жылға дейін ұзарту туралы мәселе қаралып жатқанын атап өту маңызды.


Алайда, жоғарыда аталған үлес шеңберінде кедендік баж салығын төлеуден босатып, бірақ ҚҚС төлей отырып, электромобильді әкелудің басқа мүмкіндігі бар екенін ескеру маңызды. Бұл жағдайда Дүниежүзілік сауда ұйымының ставкалары бойынша тауарларға декларация тапсыру қажет.