«Қазақстанда жасалған» тауарлар тізілімін қалыптастыру бойынша пилоттық жоба басталды
«Е-КТРМ» техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі шеңберінде «Қазақстанда жасалған» тауарлар Тізілімін қалыптастыру және жүргізу бойынша функционал құрылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, функционал қазақстандық тауар өндірушілерге өздері өндіретін тауарлардың атауларын көрсетілген Тізілімге ерікті бастамашылық негізінде енгізуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда бірнеше танымал өндірушілер Тізілімге енгізілген.
Көрсетілген белгіге және оны пайдалану тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейтін ұлттық стандарттар әзірленіп қабылданды. Өңірлерде Тізілімнің таныстыру жұмыстары өткізіліп, оны енгізу мақсаттары түсіндірілді.