Су тасқынынан келген шығындарды өтеу бойынша кәсіпкерлердің 82,1% өтінімі мақұлданды
2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидалары шеңберінде жергілікті атқарушы органдар ШОКС өтінімдерін қабылдау және қарастыру жұмыстарын жүргізуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің мүліктік шығындарын өтеу үшін Үкімет резервінен 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді.
Жергілікті атқарушы органдар ұсынған мәліметтерге сәйкес, 30 шілдедегі жағдай бойынша кәсіпкерлер тарапынан 9,3 млрд теңге сомасына 455 өтінім келіп түскен, оның ішінде 374 өтінім (82,1%) 5,8 млрд теңгеден астам сомаға мақұлданды.
Соның ішінде 222 өтінім бойынша кәсіпкерлерге 2,2 млрд теңге көлемінде төлемдер жасалды.
Қызмет түрлері бойынша негізінен сауда объектілері, қоғамдық тамақтану орындары, демалыс базалары мен қонақ үйлер және басқа секторларға зақым келген. Атап айтқанда, мақұлданған өтінімдердің 70%-дан астамы дүкендер, сауда үйлері мен базарлар, шамамен 4%-ға жуығы қоғамдық тамақтану нысандары, 4%-ы өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларын өндіру нысандары, 3%-ға жуығы қонақ үйлер, демалыс базалары және өзге де бизнес объектілері», — деп жазды Экономика министрлігінен.
Өтемақы туралы өтінімді өңірлік комиссиялар 5 жұмыс күні ішінде қарайды және қаржыландыру жеткілікті болған жағдайда 10 жұмыс күні ішінде төлемдер жүзеге асырылады.
Қалған өтінімдер бойынша кәсіпкерлерге төлемдерді ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Күрделі жөндеуді әрі реконструкциялауды қажет ететін объектілер бойынша қаражат сараптама және жобалық-сметалық құжаттаманы қабылдау қорытындылары бойынша аударылатын болады.