Доллар бағамы көтерілді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1, 80 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 479,40 теңге.
Ұлттық банктің 6 тамыздағы ресми бағамы — 1 долларға 477,15 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,63 теңге.
Еуро — 522,43.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 477,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 479 теңге. Еуро 519-523 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 477 теңге, сатып алу құны — 481 теңге. Еуро 520 теңгеден сатылып, 525 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 5,52 — 5,67 теңге аралығында саудаланып жатыр.