Қазақстанда аймақтардың бюджетін тексеретін комиссия таратылады

2 468

Фото: gov.kz2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда өңірлік тексеру комиссиялары таратылып, оның орнына Жоғары аудиторлық палатаның аумақтық департаменттерін ашу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы палата төрағасы Әлихан Смайылов өткізген отырыста белгілі болған.

«Бұл мүдделер қақтығысын болдырмауға мүмкіндік береді, себебі, бүгінде тексеру комиссияларына жергілікті бюджет ақша бөледі, ал, бұл аудиттің объективтілігіне әсер етуі мүмкін», - деп жазды палатаның баспасөз қызметі.

Осылайша, 2026 жылдан бастап жергілікті мәслихат депутаттары Жоғары аудиторлық палатаның тиісті аумақтық департаменті басшылығының екі өкілін тағайындай алады. Жалпы, дереккөзге сүйенсек, палата болашақта «Жоғары аудиторлық палата – Парламент» моделі бойынша жұмыс істемек.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.