Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті
Премьер-министр Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, Комиссияға «Шар стансасы – Өскемен» теміржол желісі бойынша тасымалдау процесін қамтамасыз ететін «Dosjan Temir Joly» АҚ компаниясының қызметі туралы ақпарат берілді. Уәкілетті органдар компанияның монополиялық ережені пайдаланып, қызметтерге тарифтерді бірнеше рет негізсіз көтергенін анықтады, осыған байланысты Комиссия монополияға қарсы заңнаманы ескеріп, тиісті тарифтік реттеуді енгізу туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ, Комиссия «Шет-Энерго» ЖШС электр энергетикасын тарату компаниясының қызметін талдау нәтижелерімен танысты. Аталған компанияның тұрақты апатты жағдайларға жол беруіне байланысты, сонымен қатар өңір тұрғындарының өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеу үшін компанияның мүлкін мемлекет пайдасына реквизициялау мақсатында сотқа жүгіну туралы шешім қабылданды.
Бұған қоса, Комиссия «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясының, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының, мұнай-химия кешені субъектісінің қызметіне қатысты мәселелерді қарады.