Тарифтік саясатты талқылауға арналған комитеттік жиын өтті
2026 жылғы 26 наурызда Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті мораторий аяқталғаннан кейінгі тарифтік саясат мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараға мемлекеттік органдар, сарапшылар және қоғам өкілдері қатысқан. Талқылау барысында жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру, сондай-ақ газбен қамтамасыз ету салаларындағы тарифтік реттеу мәселелері қаралды. Үкімет қабылдаған шаралар азаматтардың табысын қорғауға және инфляцияны 10%-дан төмен деңгейде ұстауға бағытталғаны атап өтілді. Наурыз айының соңына дейін коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий халыққа түсетін қаржылық жүктемені азайтуға және үй шаруашылықтарының тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, мораторий аяқталғаннан кейін тарифтік саясат кезең-кезеңімен және теңгерімді түрде жүзеге асады, бұл тұтынушыларға түсетін жүктемені минималды деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінді. Инвестициялық жобалар бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылып, желілердің тозуын төмендету және қызмет көрсету сенімділігін арттыру мақсатында жалғасуда. Мемлекеттік тарифтік саясаттың басты қағидаты – тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілерінің мүддесін теңгерімді қорғау.
Қабылданған шаралар 2026 жылы инфляцияға бақылаудағы әсер етуге және экономика мен азаматтардың табысына қауіпсіз деңгейде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен электр энергиясы бағасы, теміржол тасымалдары тарифтері тұрақтандыру шаралары арқылы өнімнің өзіндік құны төмендетілетін болады. Әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға тұрғын үй көмегі механизмі арқылы қосымша қолдау көрсетіліп, коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарды өтеуге жағдай жасалады. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тарифтік саясатты жетілдірудің негізгі бағыттары анықталды: коммуналдық қызметтердің қолжетімділігін сақтау, инфрақұрылым сапасы мен сенімділігін арттыру, халық мүддесін қорғау. Осылайша, мораторий аяқталып, нақты әрі теңгерімді тариф саясаты кезеңі басталды, бұл жүйенің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған.







