Су үнемдеу технологияларына 214 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

2 500

Фото: depositphotos.comҚазақстанда фермерлерді су үнемдеу технологияларына көшіру үшін мемлекеттік қолдау күшейтіліп жатыр. Су үнемдегендерді қолдауға 214,6 млрд теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, мемлекет су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыруға күш салып келеді. 

Атап айтқанда, фермерлердің су алу және беру инфрақұрылымын жүргізуге, су үнемдеу технологияларын сатып алуға және орнатуға жұмсаған шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, пайдаланылатын технология мен тарифке байланысты су беру қызметінің құны субсидияланады, – делінген хабарламада. 

Су ресурстары және ирригация министрлігі су үнемдегендер үшін бөлінген қаржы туралы да ақпарат берді. 2026-2028 жылдарға су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған инвестициялық субсидияларға 214,6 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде: 

• 2026 жылы – 58,5 млрд теңге; 

• 2027 жылы – 74,6 млрд теңге; 

• 2028 жылы – 81,5 млрд теңге субсидия ретінде жұмсалмақ. 

Сонымен қатар, су беру қызметінің құнын да субсидиялау көзделген. Бұл мақсатқа жалпы 13,5 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 2026 жылы – 4 млрд, 2027 жылы – 4,7 млрд, 2028 жылы – 4,8 млрд теңге бөлінеді. 

Одан бөлек, су үнемдеген шаруаларға суарау құрылғылары жеңілдікпен сатылады. 

Су үнемдеу технологияларын енгізуге жеңілдетілген қаржыландыру құралдары қолданылады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның «Агролизинг» бағдарламасы шеңберінде жаңбырлатып суару жүйелері жылдық 12,6% мөлшерлемемен 10 жылға дейін, ал тамшылатып суару жүйелері 12,6% мөлшерлемемен 5 жылға дейін қаржыландырылады. Қазіргі уақытта елде жаңбырлатып суару машиналары мен тамшылатып суару жабдықтарын өндіретін 7 отандық зауыт жұмыс істейді, – делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.