Ұлттық банк төрағасы заңсыз ақша шығаруға қалай тосқауыл қоятынын мәлімдеді

395

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында капиталды негізсіз шығаруға қарсы іс-қимыл қалай ұйымдастырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі   Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 


Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты капиталды заңсыз шетелге шығару фактілері көбейе түскенін мәлімдеген еді.
Осыған байланысты 10 қаңтарда Ұлттық банк Қаржылық мониторинг агенттігімен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесе отырып елден заңсыз ақша шығаруға бақылауды күшейту бойынша бірлескен бұйрық қабылдаған.
"Жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес операциялар жүргізуге арналған өтінімдер бойынша іс-қимылдар алгоритмі қабылданды, сондай-ақ күшейтілген қаржылық мониторинг жүргізілуі тиіс трансшекаралық операциялардың тізбесі бекітілді. Талаптар айқын бұзылған жағдайда, мұндай операциялар жедел тоқтатылатын болады. Қабылданып жатқан шаралар ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің ең үздік әлемдік практикасына негізделеді және KYC (know your client) қағидаттарын толыққанды енгізеді", -деді Ерболат Досаев.
Сондай-ақ, ол аталған шаралар капиталдың трансшекаралық ағындарының барынша айқындылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атады.
"Резиденттер мен бейрезиденттерді қоса алғанда, сыртқы экономикалық қызметтің адал қатысушылары мен инвесторлардың халықаралық операциялар жүргізуі кезінде өз құқықтарына қысым жасалмайтынын және шектеу қойылмайтынын растағым келеді", - деді Ұлттық банк төрағасы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.