Тоқаев: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті

671

Фото: Ақорда прессҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алаш қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай жазба қалдырды.
"Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 
Айта кетейік, Әлихан Бөкейханов 1870 жылы наурыздың 5-і күні бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Ол он тоғызыншы соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алащ жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.