1.5 МЛН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НЕСИЕ ТАРИХЫН ЖАҚСАРТТЫ

354
Қазақстанда несие алушыларды «қара тізімнен» шығарудың жаңа механизмі іске қосылды. 

Соған сәйкес қайтару мерзімі 90 күннен асқан кредиттерге «оңалтылды» мәртебесі беріледі. Яғни, несие төлемін 90 күн кешіктіріп, «қара тізімге» іліккеніндер енді банкке қайта барып, қарыз рәсімдей алады. 

Бүгінге дейін несие тарихы бұзылған 1,5 млн қазақстандық кредиттер бойынша «оңалтылды» деген мәртебені алған.

Мәртебені алу үшін ешқандай құжат қажет емес. Процедураны кредиттік бюро өздігінен реттейді.