Зейнетақы мен жәрдемақы көбейетіні белгілі болды

2 255

Фото: : ortcom.kzЕңбек министрі келесі жылы зейнетақы мен жәрдемақының өсетінін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап кімдердің зейнетақысы мен жәрдемақысы өсетінін айтты.

Министр зейнетақы мен жәрдемақыны өсіруге қатысты сұраққа жауап берді.

"Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді инфляция деңгейіне байланысты 10 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. 2026 жылға арналған бюджетте бұл мақсатқа 622 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған", - деді министр.

Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы алатын барлық адамның зейнетақысы көбейетінін айтты.

"Сондай-ақ мүгедектігі бар жандарға, балаларға, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға берілетін төлемдер, асыраушысынан айырылу бойынша төленетін жәрдемақылар артады. Негізгі базалық көрсеткіштер ұлғайтылады", - деді Светлана Жақыпова.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.