Еліміздегі университеттер Түркияда оқитын қазақстандық студенттерді қабылдауға дайын
544
Атырау университеттері Түркияда оқитын қазақстандық студенттерді қабылдауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат тагенттігі.
Мұнайлы өңірде екі жоғары оқу орны бар. Оның бірі – Х.Досмұхамедов атындағы университет, екіншісі – С.Өтебаев атындағы мұнай және газ университеті.
Екі университеттің басшылығы Түркиядағы төтенше жағдайға байланысты сол елде оқып жүрген Қазақстан студенттеріне білімін жалғастыруға мүмкіндік бергелі отыр.
Мәселен, С.Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликованың айтуына қарағанда, шетелде оқитын қазақстандық студенттер жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық бағдарламасымен білімін жалғастыра алады.
Ал Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жақын арада Түркияға оқуға кетуге дайындалып жүрген студенттер бар.
Еске сала кетелік, Түркияда жойқын жер сілкінісінен қаза болғандардар саны 17 мыңнан асты, 72 мыңға жуық адам зардап шекті. Мектептерде сабақ 20 ақпанға дейін тоқтатылды.
Қазақстан құтқарушылары мінген борт 7 ақпан күні түрік еліне аттанған болатын. Мамандарымыздың екінші тобы 8 ақпан кешқұрым жетті. Алғашында қазақстандық бортпен 16 адам, екінші бортпен 64 адам Түркиядан елімізге жеткізілген еді.
7 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы 19 қазақстандық студент елге қайтатынын мәлім еткен еді.

Біздің магистрант жер сілкінісі ошағынан алыс орналасқан Чанаккала қаласында оқиды. Сондықтан ол сол елде оқуын жалғастыра беруді қалап отыр.
Ал екі студент Ерзурум және Нийде қалаларына оқуға баруы керек еді. Түркиядағы төтенше жағдайға байланысты бұл студенттердің ата-аналары қандай шешім қабылдайтыны әзірге белгісіз, - дейді аталған университеттің халықаралық қатынастар және интернационализациялау бөлімінің басшысы Қарлығаш Әшірханова.