Елімізде колледж студенттерінің шәкіртақысы көбеймек

1 799
Биылғы оқу жылынан бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің шәкіртақысы ұлғаймақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылды.


Жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын колледж студенттерінің шәкіртақысы 21 787-ден 32 681 теңгеге өседі. Орта буын мамандарын даярлайтын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер шәкіртақысы 20 948-ден 31 422-ге өседі.


Стипендияны ұлғайту бойынша бюджет қаражатын республикалық бюджет комиссиясы қолдады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.