Мектеп оқушыларының көктемгі демалыс мерзімі жарияланды

1 929
Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 9 күнді қамтымақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 2023 жылдың 18 наурызы мен 26 наурызын қоса алғанда 9 күнге созылады, - деді ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметі.

2022 жылғы желтоқсанда меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі белгіленді.

Оқу жылының негізгі мерзімі 1 қыркүйек пен 31 мамырды қоса алғанда:

1-11 (12) сыныптардағы оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың ұзақтығы:


1 тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі каникул – 7 күн (31 қазан мен 6 қарашаны қоса алғанда);
2 тоқсан – 8 апта, қысқы демалыс – 9 күн (31 желтоқсаннан 8 қаңтарды қоса алғанда);
3-тоқсан – 10 апта, көктемгі үзіліс – 9 күн (18-нен 26 наурызды қоса алғанда);
4 тоқсан - 10 апта;

1-сыныпта қосымша демалыстар – 7 күн (6-12 ақпанды қоса алғанда).