Министрлік қайырымдылыққа баулитын жаңа мектеп ашуды жоспарлап отыр
Қазақстандықтардың қайырымдылыққа деп берген қаражатына қиянат жасап жатқан қорлар аз емес. Сол себепті ғылым және жоғары білім министрлігі әлеуметтің сенімін қалай серпілту мақсатында жаңа мектептер ашпақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Осыдан бір ай бұрын мемлекет басшысы "эндаумент-қорлары" туралы заңға қолға қойған еді. Жаңа құжатқа сәйкес, халыққа қайырымдылық негіздерін үйрету басталады. Яғни, филантропия мектебі ашылады.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенованың айтуынша елімізде жалпы құны 50 миллиард теңгеге тең 5 жоғары оқу орнында пилоттық эндаумент-қорларын құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ ол қорлардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мамандар даярлау қажет. Осы мақсатта АҚШ тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанда филантропия мектебін ашу көзделген.
Осылайша, бұл заң жобасы, әсіресе, алаяқтыққа байланысты резонансты істер аясында өзекті. Себебі бүгінде алаяқтар азаматтар арасында қайырымдылықтың беделіне зор нұқсан келтіріп отыр. Айта кету керек, енді барлық қорлар өз есептерін ашық түрде жариялауға сондай-ақ жыл сайын тәуелсіз аудиттік тексерістен өтуге міндеттеледі.