Оқулықтарды мерзімінен бұрын жинап алған мектептер жазаланбақ

241

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу мерзімі аяқталмай оқулықтарды алған мектептер жазаланатынын мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



"Мемлекеттік стандарт бар, оқу бағдарламасы бар. Егер мектеп стандарттарды орындамаса – бұл қаржылық бұзушылықтар, өйткені олар жалақы алады, бұл оқу бағдарламасы. Біз қазір мониторинг жүргізіп, мемлекеттік стандартты орындамайтын мектептерді анықтап жатырмыз. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, белгілі бір шаралар қабылданады", - деді министр Үкімет кулуарында.


Десе де, Ғани Бейсембаев оқулықтарды мерзімінен бұрын жинағаны үшін мұғалімдер мен директорларға қандай жаза қолданылатынын нақтылаған жоқ.


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға дейін ұзартылды, яғни биыл ел мектептерінде 31 мамырға дейін сабақ болады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.