Еліміздегі Ұлттық ғылым академиясы жанынан жас ғалымдар кеңесі құрылмақ

1 559

ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закария алматылық жас ғалымдармен жүздесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Негізгі талқы ғылымды жандандыру, жас ғалымдарды қолдау тақырыбында өрбіді. Академия президенті жас ғалымдар кеңесін құруды ұсынды.


«Кеңес отырысы жылына төрт рет, яғни тоқсан сайын өтеді. Басқосуда кеңес мүшелері өзекті мәселелерді ортаға салып, талқылап шешетін болады. Бүгін біз алғаш рет кездесіп отырмыз, мұнда түрлі саланың ғалымдары мен сарапшылары қатысуда. Мұны мен патриоттық акт деп қабылдаймын. Яғни, сіздер қазақ елінің болашағын ойлайсыздар. Сіздерге алғысым шексіз», - деді Күнсұлу Закария.


Ол кеңес құрамына белгілі бір саланы дамыту үшін өз идеяларын ұсына алатын 40 жасқа дейінгі табысты жас ғалымдар мүше болатынын атап өтті.


«Кеңестің жас ғалымдары өз ойларын ортаға салып, бар проблемаларды айтып, ел мен ғылымның дамуына үлес қосуы керек. Біз ең табысты, мықты, сауатты ғалымдарды ұсынатын боламыз. Бірақ олар өз кандидатурасын өздері ұсынуы керек. Кеңесте ғылымның барлық саласының өкілдері болуын қамтамасыз етеміз. Қанша адам болатынын кейінірек шешеміз, әрине, санға шектеу болады. Бұл Кеңестің қашан құрылатыны ғалымдардың өздеріне байланысты, бірақ менің ойымша, бұл кеңес таяу уақытта пайда болады, өйткені барлығы осыған мүдделі», - деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.