Елімізде резидентураға бөлінген грант саны 2500-ге дейін өсті

1 548

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға артатынын айтқан болатын, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Үкіметтің мәліметінше, осылайша, 2023 жылы гранттар саны 70%-ға – 1500-ден 2500-ге дейін өсті.


«Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде негізгілері:


Акушерлік және гинекология – 214

Анестезиология және реаниматология – 200

Неонатология – 119

Терапия – 115

Жалпы хирургия – 98

Неврология – 92

Психиатрия – 88

Оториноларингология – 83

Кардиология – 78

Офтальмология – 66

Жұқпалы аурулар – 63

Травматология-ортопедия – 62

Эндокринология – 55

Қалғандары – 1167», - деп жазды ведомстводан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.