3 млн-ға жуық оқушы жазғы демалысын лагерьде өткізеді

2 539

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігіБиыл жазғы демалыспен 2 939 028 бала қамтылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Елімізде 10 743 демалыс орнында 2,9 млн бала жазғы демалысын өткізеді. Оның ішінде 10 мың бала – жыл бойғы сауықтыру орталықтарында, 240 мың бала – маусымдық, 2,6 млн бала – мектеп жанындағы, 75 мың бала – шатырлы және киіз үйлі демалыс орындарында демалады.


«Жазғы демалыспен, сауықтырумен және еңбекпен 1-10 сынып оқушыларының 92%-ы, яғни әлеуметтік осал санаттағы 600 мыңға жуық баланы қоса алғанда, барлығы шамамен 2,9 млн бала қамтылады деп жоспарланып отыр. Демалыс орындарында балалардың қауіпсіздігі ерекше бақылауда. 187 демалыс орталығының 150-і 1-10 маусым аралығында іске қосылуда. Ал қалған 37 демалыс нысаны өз жұмысын 15 маусымнан бастайды», - делінген министрліктің хабарламасында.


Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнамада ата-аналардың 10,1%-ы ғана балаларын демалысқа лагерьге жіберуді жоспарлап отырғанын айтқан еді.


Бұған дейін Премьер-Министр балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарын сынға алған болатын. Олжас Бектеновтің айтуынша, балалардың жазғы демалысы тиісті деңгейде ұйымдастырылмайды, көбінесе есеп беру үшін атүсті жүргізіледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.