Жеке меншік мектепте оқитын балаларға әлеуметтік көмек тағайындалмақ

2 267

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан елімізде әлеуметтік осал отбасынан шыққан, жеке меншік мектепте оқитын 25 мың бала әлеуметтік қолдаудан тыс қалып отырғанын жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгін Мәжілісте Оқу-ағарту вице-министрі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.


Заң жобасында меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына көмек көрсетуге жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен қаражат бөлуге жол ашатын норма көзделген.


«Бүгінде 7 мыңнан астам мемлекеттік мектепте әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 465 мың балаға қор есебінен мектеп формасы, аяқ киім, ыстық тамақ, қосымша білім және жазғы сауықтыруға жолдама беру түрінде әлемуеттік қолдау көрсетіліп келеді. Дегенмен жеке меншік мектепте оқитын әлеуметтік осал топтан шыққан 25 мың бала бұл көмектен тыс қалып отыр. Заң жобасы арқылы жергілікті атқарушы органдарға меншікке қарамастан барлық мұқтаж отбасына әлеуметтік көмек көрсету құзіреті беріледі. Елімізде жеке меншік мектептер саны артқанын ескерсек, бұл норманың әлеуметтік маңызы үлкен», - деді Еділ Оспан.


Бұған дейін Еділ Оспан балаларды асырап алатын кәсіби отбасы институты енгізілетінін айтқан еді.


Асырап алушы ата-аналардың жасы 30-53 аралығында болады, баланы қабылдайтын кәсіби отбасы мәртебесін алуға үміткер отбасылар психологиялық даярлықтан және қамқоршылық және қорғаншылық органдарда аккредиттеуден өтеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.