"Әпкем шешіндіріп, сүйді": 2-сынып оқулығындағы тапсырма ата-аналардың ашуын тудырды

2 057

Желіде 2-сынып оқушыларына арналған оғаш тапсырма ата-аналардың ашуын тудырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқулықтағы әңгімеде бала әкесінен ауыр сөз естіген соң қандай күйде болғанын түсіндіріп жазу сұралған:


"Мен ұлым болғанын армандадым. Сені отбасымыздың қорғаны болады деп ойладым, бірақ сен мені масқараладың. Көзіме көрінбей кет!" – деп жазылған. 

Біраз уақыттан кейін бала "таяқ жеген күшікке" ұқсап бөлмесіне оралады. Оқулықта ары қарай жазылған мәтін бұдан да ыңғайсыз. 

"Төсектің жанындағы еденге жатып ұйықтап қалыппын. Біреудің мені шешіндіріп жатқанын сезіп, оянып кеттім. Әпкем мені шешіндіріп, сүйіп, жылы сөздер айтты. Көзіме еріксіз жас келіп, әпкемді құшақтап алдым. Әпкем менімен бірге жылады. Кейін өзімді бақытты сезіндім", - деп жазылған. 

Жоғарыда келтірілген мәтінді оқып болғаннан кейін оқушыларға баланың көңіл күйінің өзгеруін сипаттау ұсынылған. Алайда желі қолданушылары оқулықтағы тапсырмаға наразылықтарын білдірді. 

"Бала кездегі психикалық зақымның қайдан келетіні анық болды", "Мен таңғалмаймын. Оқулық жазудың стандарты мен балалардың жас талаптары бойынша арнайы мамандары бар ғылыми-зерттеу институттары қайтарылмайынша, кітаптарда тәртіп болмайды", "Оқулықтарды психологтар сараптамайды, тексермейді. Біздің елде психологияға әлі де болса немқұрайлылықпен қарайды. Өзіміздің және балаларымыздың психикасына мұқият болуымыз керек", "Түпнұсқа мәтіннен дұрыс аудармаған сияқты", – деді желі қолданушылары.

Ал оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, оқулықтағы мәтін 2017 жылы оқу бағдарламасына еніп, сараптау орталығының сайтында және еліміздің барлық облыстарындағы педагогтер арасында қоғамдық талқылауға өткен. 

"Бұл әңгіме "Менің отбасым және достарым" бөлімінде, "Отбасылық дәстүрлер" тақырыбында оқуға берілген және мектеп жасындағы балаларға арналған. Әңгімеде басты кейіпкер Еркенің әрекеттері мен ойлары сипатталады. Автор кейіпкерді әртүрлі өмірлік жағдайлармен сынап, сыртынан бақылайды. Джумагельдинова Дария Тукеновна – балаларға арналған өлеңдердің, ертегілердің, пьесалар мен прозалардың танымал авторы. 


"Әкемен жанжал" үзіндісі оқулықтың мазмұнына 2017 жылы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес енгізілді (ҚР БҒМ 21.07.2016 ж. №463 бұйрығы). Бұл оқулық басқа баспалардың баламалы оқулықтары сияқты, ғылыми-педагогикалық сараптаманың 2 кезеңінен және 30 пилоттық мектепте сынақтан өтті. Сондай-ақ білім мазмұнын сараптау орталығының сайтында және еліміздің барлық облыстарындағы педагогтер арасында қоғамдық талқылауға түскен", – делінген жазбада.