Түркістан облысында кітапхананың үздік оқырмандарына велосипед беріледі

2 517

Түркістан облысында кітапхананың үздік оқырмандарына велосипед беріледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Келес ауданында орналасқан Б.Момышұлы атындағы №59 жалпы орта мектебінде «Кітап оқу байқауы» өтіп жатыр. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шарада үздік оқырман оқушыларға спорттық велосипед, планшет және тағы басқа да бағалы сыйлықтар беріледі.


Жобаға жергілікті жердегі жеке кәсіпкерлер – Марат Бекшораев, Марат Құтымов, Сапархан Ахметов сияқты ел ағалары демеушілік жасап отыр.

«Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ әдебиетін, ақын-жазушылар шығармаларын терең зерттеуге және жас ұрпақтың бойына кітапсүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында мұндай акция алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Кітап терең ойлауды үйретіп, есте сақтау қабілетін жақсартып, ақыл-ойды еркін жеткізуге жаттықтырады,– дейді мектеп директоры Убайдулла Ералиев.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.