Білім басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы ұсталды

2 523

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Білім басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысын ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ол мегаполистің білім беру мекемелерінде жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға арналған лагерьді ұйымдастырушылардан 12 млн теңгеден астам сомада пара алуға әрекет жасады деген күдікке ілінді.


Пара лагерь ұйымдастырушы компанияны конкурстың жеңімпазы деп тануға арналған. Мекеме балалар лагерін толыққанды ұйымдастыру үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстарына ие болмай, конкурстың жеңімпазы болып танылғаны анықталды.


Лауазымды адам соттың санкциясымен қамауға алынды.


Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.