Оқу-ағарту министрлігі мектепте намаз оқыған оқушыларға қатысты тексеріс бастады

2 604

Фото: видеодан кадрЖеліде оқушылардың мектепте намаз оқыған видеосы тараған еді. Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға байланысты тексеріс бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Информбюро сайтына сілтеме жасап.


Әлеуметтік желіде тарап жатқан жазбадан бір топ баланың сәждеге жығылып жатқанын байқауға болады. Олардың артқы жағында мектеп партасы көрінеді. Спорттық киім киген бозбалалар қай мектептің шәкірттері екені әзірге белгісіз. Оқиғаның қай өңірде болғаны да беймәлім. Жалпы заң бойынша оқу орындарында діни құлшылық жасауға тыйым салынған. 


Ведомство өкілдері сабақ барысында құлшылық жасауға рұқсат берген білім ошағын анықтап, шара қолданбақ. 


Бұған дейін ақтөбелік орамалды оқушылардың ата-аналары биліктен елімізде онлайн оқытуды ресми түрде заңдастыруды талап етті. Сөздерінше екі жылдан бері Ресейде білім алып жатқан балалары Қазақстанның емес Ресейдің тарихы мен мәдениетін үйреніп жатыр. Олар Білім министрлігі хиджаб киген оқушыларға мектепке баруға тыйым салғалы балалары мүжбүрлі түрде оқшауланып қалғанын айтты. Енді ата-аналар президент Қасым- Жомарт Тоқаев пен білім министрі Асхат Аймағамбетовке петиция жолдайтынын мәлімдеген. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.