Қазақстанда мектептердің бірі 70 жылға жуық жөндеу көрмеген
Шығыс Қазақстан облысындағы Самар ауылында бастауыш сынып мектебінің балалары жаңа оқу жылын басқа білім ордасында жалғастыруға мәжбүр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл нысан 182 оқушыға шақталса да, қазір саны 76-ға дейін азайыпты. Балалар бүгінде Самар №1 орта мектебінде уақытша оқып жатыр.
Ата-аналар жаңа мектептің салынуын қалайды.
Мектеп ұжымындағылар он жыл бұрын шатыры жөнделгенін айтты. Одан өзге ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс қолға алынбаған.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Руслана Закирьянованың сөзінше, тексеріс актісінен соң нысан апатты деп танылмады.
Мұндағы қызметкерлер бастауыш мектеп іргетасының сөгіліп кеткен тұсын көрсетті. Тіпті сызғыш салып өлшеп еді, біршама ары еніп кеткен.