«Үздік педагог» байқауы басталды

2 558

Фото: Halyq UniЕлімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ведомство өкілдерінің мәліметінше, байқау жеңімпаздарына 3 млн 450 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі. Оған мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.


Конкурс үш кезеңнен тұрады:

I кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-21 тамыз);

II кезең – облыстық деңгей (22 тамыз – 10 қыркүйек);

III кезең – республикалық деңгей (11 қыркүйек – 18 қазан).


Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді.


Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау https://uzdikustaz-nobd.edu.kz/#/sign-in веб-порталында іске асырылады.


«Үздік педагог» Республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау. Сондықтан маңызы зор. Осы уақытқа дейін 700-ге жуық жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мықтылар анықталды. «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл – балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі, –деді Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.


Айта кетсек, «Үздік педагог» атағының иегерлеріне 1 мың АЕК көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.