Мұғалімдер шетелдік мамандармен тәжірибе алмасып жатыр

2 211

Фото:https://zedpac.com/research-development/Қазақстандық педагогтер оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру бағытында шетелдік мамандармен тәжірибе алмасып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

 Астанада Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының конференциясы басталды. Мұндай халықаралық жиын ТМД елдерінде алғаш рет өткізіліп отыр. Оған 30 мемлекеттен ғалымдар, сарапшылар мен педагогтер келді. Конференция үш күнге созылады. Оның аясында постер-сессиялар, шеберлік сағаттары мен кездесулер ұйымдастырылуда. Ұстаздар түрлі оқыту әдістемелерін үйреніп, өз тәжірибелерімен де бөлісіп жатыр. 

NIS ДББҰ басқарма төрағасы: - «Сабақты зерттеу» тәсілін енгізу арқылы мұғалімдер өз-өздерімен, біріншіден, сабақтарды жоспарлайды. Бірлесе отырып, сабақтарға қатысып, сабақтарды талдайды. Он жылдан бері Назарбаев зияткерлік мектептері бұл тәсілді отандық барлық жалпы білім беретін мектептерге енгізіп отыр. Бүгінгі осы халықаралық конференция ауқымды жұмыстардың жалғасы деп айтуға болады. Конференцияға 500-ге жуық отандық мұғалім қатысуда.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.