«Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» байқауының өңірлік кезеңіне 5000-ға жуық педагог қатысты

2 680

Фото: Оқу-ағарту министрлігі«Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» бейнесабақтар мен бейнедәрістер республикалық байқауының өңірлік кезеңі аяқталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оған 5000-ға жуық өтінім келіп түсті. Байқау Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2018 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда.

Бірінші кезеңге қатысу үшін педагогтер өз идеяларын: бейнероликтер, дәрістер, практикалық, зертханалық жұмыстар, семинар, шеберлік сабақтары, цифрлық білім беру ресурстары немесе бейне подкаст форматында ұсынды.

Конкурстың мақсаты – түрлі деңгейдегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің аспаптық және пәндік сауаттылықты дамыту бойынша заманауи оқыту технологиялары мен әдістемелерін, озық педагогикалық идеяларын таныстыру және тарату.

Айта кетейік, республикалық кезең 11 қарашада басталды, нәтижелері ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында белгілі болады. Республикалық кезеңге үздік нәтижелер көрсеткен өңірлік кезеңнің жеңімпаздары қатысады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.